Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

14 Маусым, 15:37 533

Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.

Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.

Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: