Елордада делегация өкілдері ағаш отырғызды

15 Қыркүйек 2022, 09:41 1581

Мәулен Әшімбаев саябақтың жобасын таныстыра отырып, қоңақтарға өз алғысын білдірді

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі делагация өкілдері жаңа “Бейбітшілік және Келісім” саябағына ағаш отырғызу үшін жиналды, деп хабарлайды El.kz

Ағаш отырғызуға көмектесу үшін еріктілер мен арнайы жұмыс тобы қамтылды. Делегация өкілдерінен 60 адам келді. Шараға Мәулен Әшімбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты. 

Мәулен Әшімбаев саябақтың жобасын таныстыра отырып, қоңақтарға өз алғысын білдірді.  

Саябаққа делегация өкілдерінің қолымен 60 түп ағаш отырғызылды.  Саябақтың топырағы қатты болғандықтан, ағаш отырғызылатын төңірекке арнайы жұмсақ топырақ себілген.




Сурет: автордан

Миражан Махан
Бөлісу: