Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

8 Қараша 2023, 19:03 664

Астанада «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады.

Сондай-ақ шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Берік Арманов
Бөлісу: