Елорданың қала маңындағы төрт бағытының қозғалыс сызбасына «Бірлік» саяжай қоғамы» аялдамасы енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, №306, 310, 311 326 бағдарларының Астрахан тасжолы бойындағы (Талапкер ауылы ауданы) қозғалыс сызбасына жаңа «Бірлік» саяжай қоғамы» аялдамасы қосылды.
Маршруттар осы аялдамаға қызмет көрсете бастады.