Елордада бір көше төрт айға жабылады

17 Сәуір, 23:12 405

Астанада «Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қ. Қайсенов көшесінің құрылысы» жобасы басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ. Қайсенов көшесінің құрылысы бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 20 сәуір мен 20 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша қозғалыс толығымен жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс баламалы көшелер мен орамішілік өткелдер бойынша ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: