Елордада беларусь этномәдени орталығы жастарының шығармашылық кеші өтті

24 Қыркүйек 2019, 10:11 2241

Елордадағы Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Радима» беларусь этномәдени орталығы жастарынан құралған «Open Project» тобының жеке шығармашылық кеші өтті.


Топ түрлі аспаптар арқылы қазақ және орыс тілдерінде «Cup of tea», «23», «Уайымдама», «Маяк», «Rising», «Түсімде көремін» атты және тағы да басқа туындыларды орындады.


Топ құрамы 6 музыканттан тұрады – оқушы, студент, университет түлегі, енді бірі – актер. «Open Project» тобының репертуарында авторлық әндер өте көп. Лирикадан бөлек отансүйгіштік тақырыбындағы шығармалар да қамтылған.

«Біз 2018 жылдың желтоқсан айында топ болып құрылдық. Осы уақыттан бері жаңа әндерді жазып, шығармашылық ізденісте жүрміз. Алға қойған жоспарымыз көп. Соның бірі – топтың репертуарын әлі де толықтыра түсіп, үлкен шығармашылық концерт беру», - деді   топ мүшесі Мәди Ақжанов.


Алдағы демалыс күндері елорда арбатында «Open Project» тобы өнер көрсететін болады.

Бөлісу: