Елордада Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылады

27 Маусым, 21:10 564

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ.Аманжолов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылына қарай А. Байтұрсынов көшесіндегі шағын учаскесіне жол төсемінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 27 маусым күні сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 09:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да бір жағынан жүзеге асырылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: