ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Balavision 2023» атты балалар көрмесінің ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған көрмеге 6 жастан 18 жасқа дейінгі болашақ суретшілердің 50-ге жуық туындысы қойылған.
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
Біз, «Balavision 2023» көрмесіне бір жылға жуық дайындалдық. Көрмеде 20 жас қаламгердің қиялынан туған дүниелермен куә бола аласыздар. Графика, кескіндеме, монотипия, граттаж, натюрморт пейзаж секілді әр түрлі жанрда, әр түрлі әдістермен салынған суреттер көп. Мақсатымыз – баланың әсемдікке қатысты қабілетін жетілдіріп, өмірдегі және өнердегі сұлулықты сезіне білу қасиетін қалыптастырады, - деді жас суретшілердің жетекшісі Мұхтар Байбосын
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
Одан бөлек, Ұлттық музейде көрме аясында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өтті. Шара ұйымдастырушылары балалар мен ата-аналарын мерекесінмен құттықтап, болашағанынан зор үміт күттіретін жас дарындарды марапаттады.
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Балалар біздің болашағымыз! Жастардың талабын мен талантын шыңдайтын осы сынды іс-шаралар көп өтіп тұруы керек. Барша бүлдіршіндер мен балаларды және ата-аналарын мерекесімен құттықтаймын. Балалар біздің болашағымыз, деді ҚР Ұлттық музейі педогика және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Кемеңгерова Айгүл Ризабекқызы.
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
Айта кетейік, «Balavision» шарасы 2020 жылдан бастап, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Көрме бір ай көлемінде көрермендерге ашық болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram