Елордада Қазақ еліндегі этникалық немістер мен Германиядағы этникалық қазақтарды қолдау мәселелері талқыланады

20 Мамыр 2019, 15:31 4097
21 мамыр күні сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қоныс аударушылар мен аз ұлттардың істері жөніндегі Федералдық үкіметтің өкілетті уәкілі Бернд Фабрициуспен кездеседі.
Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер қауымдастығы» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Альберт Рау, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Саттар Мәжитов, германия Федералдық үкіметтің өкілетті хатшысы Себастьян Клапперт, Қазақстандағы Германия елшілігінің саяси бөлімінің жетекшісі Валентина Гольдманн қатысады деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, кездесу барысында тараптар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қоныс аударушылар мен аз ұлттар істері жөніндегі Германия Федералдық үкіметі арасындағы өзара сенімді нығайту, Қазақ еліндегі этникалық немістер мен Германиядағы этникалық қазақтарды қолдау бойынша Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейтуге байланысты екіжақты қатынастардың мәселелері мен негізгі аспектілерін талқыланады.
Бөлісу: