Елордада әуежайында рейстер кешігеді

29 Маусым, 14:50 579

Азаматтық авиация комитеті Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

28 маусымнан бастап рейстедің кешігуі 3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммиті алдында Қорғаныс министрлігі ұшақтарының дайындық жүргізуіне орай Астана қаласы әуежайында әуе кеңістігі уақытша жабылады, – делінген хабарламада.

Дайындық мақсаттағы әскери ұшақтардың рейстері 30 маусымға дейін сағат 09:25 пен 10:20 арасында өткізіледі.

Шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жолаушылар осы уақыт аралығында авиакомпаниялардан ұшу уақытын нақтылағаны жөн, – деді комитеттен.

Комитет басқа қалаларда, соның ішінде Алматыда да рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: