Елордада ASTANA HALF 2023 жартылай марафоны мәресіне жетті

21 Мамыр 2023, 15:15 897

Астанада өткен жартылай марафонға екі мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланды, АҚШ, Польша, Ресей, Украина және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келді.

Шарт бойынша марафонға қатысушылардың жасы 16-дан 75 жасқа дейінгі аралығында болды. Жарысқа Астана әкімінің орынбасары Еран Бекмұрзаев та қатысып, Astana half 2023 марафонындағы жүгірушілердің қатарына қосылды.

Жүгірушілер 21.1 км және 5 км қашықтықтың бірін таңдады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама болып отыр. Сонымен бірге, тәжірибелі спортшылар үшін 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42.2 км марафондық жарысқа дайындық істетті деуге болады. 

Astana half 2023 ережесіне сәйкес, марафонға 18 жастан асқандар 21.1 шақырымға және 16 жастан асқандар 5 км-ге дейін барлық ниет білдірушілер тіркелген. Сондай-ақ, 21,1 шақырымдық маршрут бойынша жүгіргендерге су, жеміс-жидек және арнайы гель ұсынылды.

Аталған спорттық іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы ұйымдастырып отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: