Елордада Ақбұлақ өзенінің жағалауы ашылды

6 Шілде 2023, 13:46 1111

Елорда күніне орай «Алатау» спорт сарайының жанындағы алаңда Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның ерекшелігі – кез-келген адам өз тілегін білдіре алатын алғыс тақтасы қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тақтайға ата-анаға, балаларына, жұбайына, қалаға, әлемге «рақмет» деп жазуға болады.

Мұндай іс-шаралардың ашық аспан астында өткені керемет. Біз жақын жерде тұрамыз. Жалпы, маған Елорда күні ұнайды, қала күн санап өзгеруде, көптеген қызықты іс-шараларға баруға болады, дегенмен бұл ылғи да мүмкін емес», - деп бөлісті астаналық Александра Феоктистова.

Айта кетейік, биыл Ақбұлақ өзенінің жағасында Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін асфальт төселді, балалар ойын алаңы мен workout-аймақтар, көпір астындағы жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды. Сондай-ақ мұнда 25-тен астам орындық пен қоқыс тастайтын жәшіктер, 20-дан астам жарықтандыру тірегі орнатылып, 90-нан астам ағаш отырғызылды.

Маған Астанамыздың барынша көркейгені ұнайды. Бүгін қаламыздың 25 жылдығы атап өтіліп жатыр. Бұл мереке балалар мен ересектерге ерекше көңіл-күй сыйлайды, ал жағалау маңайы айтарлықтай өзгерді, - деп Арман Кеңесов әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ Байқоңыр ауданында өткен іс-шарада меценаттар әлеуметтік осал топтардың балаларына маусымдық киім сатып алуға сертификаттар табыс етті.

Асқар Таудай
Бөлісу: