Елордада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Бүгiн, 02:05 548

Былтыр елордадағы құрылыс саласында 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр 431 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 600-ге жуық заң бұзылғаны анықталды. 6 компания құрылыс лицензиясынан айырылды, сол сияқты заң мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 180-нен астам талап-арыз сотқа жолданды. Жерге қатысты тиісті құжатын алмай, құрылысы басталған 4 нысан сот шешімімен бұзылды, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Айтуынша, заң бұзу оқиғасы анықталған жағдайда, құрылыс компаниялары жауапкершілікке тартылады. Оның ішінде айыппұл салу, қызметін тоқтату және заңсыз салынған нысандарды бұзу мәселелері қарастырылған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: