Елордада Алматы ауданының әкімі тағайындалды

24 Тамыз 2022, 16:32 1274

Ол бұл тағайындауға дейін Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 37 жастағы Мақсат Саматұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қ. энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда, оның ішінде 2019 жылдан 2022 жылға дейін – Алматы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті. Соңғы 8 айда Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Мақсат Саматұлы – меритократия қағидатына сәйкес, маманнан Алматы және Байқоңыр аудандары әкімінің орынбасарына дейінгі жолды өткен тәжірибелі маман. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында әкім алдына аудан мен елді мекендерді дамыту жөнінде бірқатар міндеттер қойылды.

Бөлісу: