Елордада АЭС салу мәселесін жария талқылау басталды

20 Тамыз, 09:32 402

Елордада елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық пікірталастар циклін аяқтайтын жиырмасыншы жария талқылау өтіп жатыр. Бұған дейін мұндай іс-шаралар Қазақстанның барлық өңірінде өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі талқылауда елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АЭС құрылысына дайындық, сондай-ақ атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері қозғалады.

Еске салайық, АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: