Елордада «Абай жолымен» байқауы басталды

4 Тамыз, 04:17 479

10 тамызда дәстүрлі түрде Қазақстанда қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, ағартушы және композитор Абай Құнанбайұлының Абай күні аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мереке қарсаңында «Абай жолымен» байқауы басталды. Бас жүлде - IPhone 15.

Қатысу үшін:

- Астана қаласының тұрғыны болу керек;
- Қатысушылардың жасы 14-тен 34 жасқа дейін (қоса алғанда);
@Elorda_jastary парақшасына жазылыңыз және белгілеңіз;
- #АбайЖолымен2024 және #ПоПутиАбая2024 хэштегтерін белгілеу керек
- Абай Құнанбайұлының шығармасын бейне жазбаға мәнерлеп оқу қажет.

Бейне жазбалар 2024 жылдың 7 тамызына дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат @elorda_jastary Instagram парақшасында.

Перизат Саденова
Бөлісу: