Елордада 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушілері жол ережесін бұзған

2 Шілде, 05:19 539

Елордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазғы кезеңнің басталуымен елорда жолдарында мопедтер мен самокаттарды басқаратын жүргізушілер көбейді, олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады. Осыған байланысты Астана қаласы ПД полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері тарапынан бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде. 

Жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушілері мен мыңнан астам самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мыңнан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды.

Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр  самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді. Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: