Елордада 20 қараша күні қоғамдық көліктерде жол жүру тегін болады

15 Қараша 2022, 15:31 1696

Қоғамдық көлік өзінің әдеттегі кестесіне сәйкес сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді

Астанада 20 қараша – сайлау күні автобустарда (қалалық және қала маңындағы маршруттар) жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлік өзінің әдеттегі кестесіне сәйкес сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

Ал 21 қарашадан бастап, дүйсенбіде қоғамдық көлік қолма-қол ақшасыз төлеммен штаттық режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорда әкімінің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру ережесі енгізілді. Осы уақыт ішінде оқушылар 43 миллион сапар жасады.

Сондай-ақ азаматтардың жеңілдетілген санаттары, оның ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және т.б. тегін жол жүру ережесін пайдаланады.

EL.KZ
Бөлісу: