Елордада №111 сайлау учаскесі жұмысын бастады

19 Наурыз 2023, 07:00 805

Учаскеде сағат 06:20-дан бастап байқаушылар тіркеуден өтуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

10-ға жуық байқаушы сағат 06:20-дан бастап учаске дайындығын бақылауға кірісті.

Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері сағат 06:30-да бюллетен қағаздарын санауды бастады, №111 сайлау учаскесіне 2 771 бюллетен берілген. 06:50-де бюллетен қағазын санау рәсімі аяқталды.

Учаске төрағасы әр 15 минут сайын дайындық жұмысын түсіндіріп отырды. Сайлау учаскесіне 2741 сайлаушы тіркелген. Сондай-ақ учаскеде шетелдік байқаушылар да бар.

Миражан Махан
Бөлісу: