Елордада 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр

2 Тамыз 2023, 09:29 864

2022-2023 оқу жылы елорда үшін табысты аяқталды. Білім сапасының көрсеткіші қала бойынша 59,7%-ды құрады. Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың сөзіне қарағанда, балалардың 98%-ы жазғы демалыспен қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, өткен оқу жылында 9-сыныпты 18 443 оқушы тәмамдады. Ал 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтап, ҰБТ тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында бала саны 255 мыңға жуық болады. Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. Қазіргі таңда оқушылардың орын тапшылығы 26 454 баланы құрап отыр.

Бүгінде оқушылардың орын тапшылығын жою мақсатында елордамызда 15700 орынға арналған 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңдай оқушыға арналған (2 ауысымда) 24 ірі мектепті жобалау басталды. Жаңа форматтағы мектептердің құрылысы биыл басталады деп жоспарланып отыр, - дейді басқарма басшысы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: