Елордада «100%» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

9 Қараша 2023, 19:30 1016

«100%» отандық фильмі кинопрокатқа шықты. Бүгін Астанада режиссер Марлен Кейкішевтің қатысуымен киноның жабық көрсетілімі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фильмдегі оқиға желісі қазіргі қоғамдағы ең түйткілді мәселе несие туралы ойға негізделген. Бұған дейін тұсаукесер Алматыда өткен болатын. Комедия жанрында түсірілген кино қалың көпшілікке арналған. Режиссер оны отбасы болып көруге кеңес береді.


©El.kz/Ажар Лаубаева

Фильмнің ресми тұсаукесері Алматы қаласында кесілді. Алайда киноның жабық көрсетілімін Астанада да ұйымдастырайық деп шештік. Бүгін сіздерді кинотеатрда жақсылап көңіл көтереді деп ойлаймын. Қолдау білдіріп келгендеріңізге рахмет, – деді Марлен Кейкішев.

Фильмде Әнел Наркенова, Тамирис Жанғазинова, Анар Батырхан, Ержан Нұрланов, Жәния Джуринская сынды танымал актерлар ойнайды.

Айта кетейік, «100%» киносы елімізде 2 қарашадан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіліп жатыр.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: