Елорда тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

5 Маусым 2022, 15:52 1232

Елордадағы учаскелерге халық толассыз келіп жатыр. Қала қоңақтары мен тұрғындарының көңілін көтеру үшін патриоттық әндер ойнап тұр. Дауыс беруге келгендердің дені жастар, - деп хабарлайды El.kz.

– Мен өз басым еліміздегі өзгерістерді қолдаймын. Қазақстан азаматтары үшін жақсы жағдай жасалатынына сенемін. Біздің ата-заңымызға бірқатар өзгерістер енгізілсе демократиямыз мықты елге айналатынымыз сөзсіз, - деді қала тұрғыны Маряш Ханзада.

Бүгінгі атаулы күнде жастарымыздың белсенділігі көз қуантады.

– Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдаймын. Сол үшін бүгін сенімді түрде жаңа Қазастанға дауыс бердім, - деді азаматша Хадиша Муканова.

Бөлісу: