Елорда әуежайы қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді

14 Шілде 2022, 19:20 1685

Ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Астана әуежайы 15 шілдеден бастап 8 тамызға дейін қысқартылған режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 15 шілде мен 8 тамыз аралығында жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден 18:00-ге дейін ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты әуежайдың жұмыс регламенті өзгереді», - делінген хабарламада

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай жөндеу жұмысы жыл сайын жүргізіледі. Биылғы жұмыстар туралы шешім ақпан айында қабылданған.

«Әуежайдың қысқартылған жұмыс кестесі туралы ақпарат әуе компанияларына уақтылы жіберілді», - деп толықтырады баспасөз қызметінен.

Демек, 15 шілде мен 8 тамыз аралығындағы рейстер кестесіне қажетіне қарай өзгерістер енгізіледі.

Бөлісу: