Елорда әкімі референдумда дауыс берді

5 Маусым 2022, 09:56 1695

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақ ұлттық өнер университетіндегі №329 учаскеде дауыс берді. Қала әкімі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,- деп хабарлайды El.kzақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім, - деді қала басшысы.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істеп жатқандарға алғыс білдірді.

Бөлісу: