Елорда театрында "Ел кезуші Дон Кихот" спектаклі өтті

16 Қараша 2022, 19:54 1047

Бүгін елордада «Астана Опера» театрында Ел кезуші “Дон Кихот” спектаклі өтті, деп хабарлайды El.kz

Халықаралық музыкалық фистиваль “Жібек жолы” аясында Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения және Ресей, Беларусь елдерінен театр саласындағы әртістер өнер көрсетеді. Бүгін сахнада Беларусь үлкен театрының жұлдызы Дмитрий Усниковпен Қазақстандық Людьмила Хитрова көрерменге өз өнерлеоін тарту етті.

Беларусь Үлкен театры сахнасының шебері де спектакль алдында өз пікірлерімен бөлісті.

– «Астана Операдан» керемет әсер алдым. Мұнда өзімді өнердің ордасына келгендей сезінемін. Ұжымдағы ішкі атмосфераның өзі бізге аздап үйреншікті емес, өйткені барлығының күш-қуаты тасып тұр, бәлкім, бұл әртістердің өз кәсібіне деген махаббатынан шығар. Соған қарап, біз де тау қопарып, өзімізді көрсеткіміз келеді. Спектакль алдында қобалжу бар, көрерменмен барымызды бөлісуді қалаймыз, – деді сахнаға шығар алдында Людмила Хитрова.

– Қазақстанда көптеген фестивальдер өтеді, мұнда мәдени өмір қайнап жатыр, бұл әртістердің дамуына, тәжірибе алмасуға өте жақсы. Сонымен қатар, бұл көрермендер үшін мереке, олардың түрлі елдерден орындаушыларды көруге мүмкіндігі бар, – деп пікірін қосты Дмитрий Уксусников.

Дина Алланазарова
Бөлісу: