Елорда мектептеріне халықаралық бакалавриат бағдарламасын енгізу мәселесі талқыланды

5 Ақпан 2023, 17:20 1498

«MYP және PYP Халықаралық бакалавриат: теориядан практикаға дейін» республикалық семинары өтті

Астанада қала әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК және №81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясы ұйымдастырған «MYP және PYP Халықаралық бакалавриат: теориядан практикаға дейін» республикалық семинары өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Алма Мұхамеджанова іс-шара Астана қаласының мемлекеттік мектептерінде Халықаралық бакалавриат бағдарламасын республикалық деңгейде іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.

«Бүгінгі іс-шара республикалық семинар форматында өтіп жатыр. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінің өкілдері жиналды. Ол IB бағдарламасына сәйкес оқыту бойынша №81 Astana English School Халықаралық мамандандырылған гимназиясының тәжірибесін таратуға арналған. Мектеп Халықаралық бакалавриат аккредитациясын бастауыш, орта және аға буынға арнап отыр. Бағдарлама білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға, зияткерлік, жоғары мәдениетті тұлғаны дамытуға арналған. Мұнда қазақстандық бағдарламалар халықаралық бағдарламалармен біріктіріледі. Қазіргі уақытта бұл біздің түлектеріміздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бағдарлануы және еліміздің дамуына өз үлесін қосуы үшін қажет», — деп атап өтті әдістемелік орталық басшысының орынбасары.

Ол өткізілген ашық сабақтардың арқасында Халықаралық бакалавриат бағдарламаларын мемлекеттік мектептерге де енгізуге болатындығын көрсетті.

№81 мектептің оқушылары семинарға қатысушылардан алған сұхбат бойынша фильм түсіріп, оны жиналғандарға көрсетті. Семинарға қатысушылар іс-шараға риза болып, көптеген жаңа және пайдалы дүниелер алғанын атап өтті. Семинар жұмысына Алтынсарин Ұлттық білім академиясының, «Дарын» республикалық орталығының, НЗМ өкілдері қатысты.

EL.KZ
Бөлісу: