Елорда маңындағы қанша елді мекенде жедел жәрдем көлігі жоқ?

27 Ақпан, 16:54 561

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов елорда маңындағы елді мекендерге жедел жәрдем көлігі жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл тек қана Қосшы қаласының проблемасы емес, басқа елді-мекендердегі бар мәселе. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде 10 мың адамға бір жедел медициналық көмек көрсету бригадасы болуы керек. Бірақ бүгінде Қосшы қаласында 3 бригада ғана жұмыс істеп тұр. Негізінде қалада 10 бригада болуы керек, - деді облыс әкімі.

Марат Ахметжановтың сөзінше, биыл наурыз айында жедел жәрдем көліктерінің тапшылығы жойылады.

Миражан Махан
Бөлісу: