Елорда атауының өзгеруі артық шығынды қажет етпейді

16 Қыркүйек 2022, 11:32 1726

Мемлекеттік органдар бұрынғы режимде қалады

Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында парламент депутаттары Нұр-Сұлтан атауын ауыстыру кезінде құжаттарды өзгертуге қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды El.kz.

Депутаттар қаланың атауын қайта атауға байланысты азаматтардың құжаттары мен жаңа атауды сәйкестендіруде қаржылық шығынның болуы жайында сұрақты қарады.

Бұл тұрғыда әділет министрі Қанат Мусин құжаттарды шұғыл түрде ауыстыру қажет емес екендігін айтты.

«Қолда бар құжаттарды қолдану керек. Мемлекеттік органдар бұрынғы режимде қалады. Қалалық мәслихат отырысында бұл мәселе көтерілді. Жоспарлы түрде бюджет қаражаты есебінде жұмыс жасалады. Қазір көбісі цифрлық жүйеге көшкендіктен, артық шығынды қажет етпейді», - деді ол.


Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: