Елорда әкімі қала тұрғындарын қабылдады

16 Шілде, 23:48 550

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Amanat» партиясының елордалық филиалы базасында азаматтарды қабылдадым. Қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және тағы басқа мәселелерді көтереді, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қала басшысының айтуынша, тұрғын үй мәселесі бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік пәтерлердің құрылысы, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін аяқтау, үйлерді жөндеу.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар (мектептер, спорт және медицина нысандары) құрылысының көлемі ұлғайды. Сол сияқты биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде аяқталды. Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу барысын бақылауда ұстаймыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Зарина Арман
Бөлісу: