Елорда әкімі Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

2 Сәуір 2023, 15:50 886

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Пригородный елді мекенінің бірқатар проблемасын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Елордада 16 елді мекен бар. Қаланың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады. Тиісінше қаланың шет жағында тұратын тұрғындармен тұрақты кездесу өткіземін. Жұмыс жоспарымызды ауданның қажеттіліктері мен тұрғындардың өтініштеріне сүйене отырып жасаймыз», - деп жазды елорда әкімі.

Жеңіс Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар апатты жағдайда тұрған екі жатақхананы бұзу, жол салу, медициналық орталықтар ашу, газдандыру, электр қуаты, қосымша маршруттарды іске қосу, камералар орнату, абаттандыру, құжаттарды заңдастыру секілді мәселелерді көтерді.

«Проблемалар шешіледі, тұрғындармен бірге тиісті міндеттердің басымдығын анықтаймыз және кестеге сәйкес елді мекенді дамытамыз. Бұзу мәселесіне тоқталар болсам, қалада апатты күйде тұрған 200-ден астам үй бар. Қазіргі уақытта біз бұзу бойынша тізім жаңартып жатырмыз. Алдағы 3 жылда апатты әрі тозығы жеткен үйлердің тұрғындарына арнап 2,5-3 мыңға жуық пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Тозығы жеткен үйлерді бұзу ісін мүмкіндігінше жылдамдататын боламыз», - деді Жеңіс Қасымбек. 

EL.KZ
Бөлісу: