9 Қараша 2015, 06:07
Hyperlooр – 2012-2013 жылдары канадалық және америкалық инженер, инвестор Элон Маск ұсынған вакуумдық пойыз жобасы. Жобаны жүзеге асыруға ең көп қызығушылықты калифорниялық компаниялар білдіріп отыр.
Hyperlooр-ті жасау идеясы 2029 жылға қарай Лос Анджелес пен Сан-Францисконы жалғайтын жылдамдығы жоғары темір жол салу жөніндегі үкіметтік жобаға жауап ретінде пайда болған. Жылдамдығы жоғары дегеніміз – сағатына 200 мильден асатын жылдамдық. Үкімет жобасы 68,4 млрд. долларға бағаланған болатын. Осығар орай, Элон Маск калифорниялық жол әлемнің ең баяу әрі ең қымбат теміржол магистральдерінің біріне айналады деп мәлімдеген.
Маск Hyperloop туралы алғаш рет 2012 жылы Санта-Моникадағы PandoDaily іс-шарасында Сара Лэйсиге берген сұқбатындай айтқан болатын. Кәсіпкер, жаңа көліктің ұшақтан екі есе және ең жылдам пойыздан 3-4 жылдам болып, Лос-Анджелестен Сан-Францискоға (561 шақырым) бар болғаны 30 минутта жетуге болады деп жариялаған еді. Одан кейін Маск одан аты шулы мәлідеме жасап, жобаның California High-Speed Rail атты үкіметтік жобадан 10 есе арзан болатынын; көліктің ешқандай апатқа түспейтінін; жолдың тек күн энергиясымен жұмыс істейтінін; қатынаушылар ұзақ уақыт күтпей метродағыдай қатынайтынын айтқан. Сөйтіп 2013 жылдың тамыз айында жобаның 58 парақтан тұратын «альфа-нұсқасы» жарияланды.
Элон Маск өз идеясын пойыз, ұшақ, автокөлік және кемеден кейінгі бесінші көлік түрі ретінде ұсынды. Hyperloop тіреулердің үстінен өтетін жерүсті құбыр секілді ойластырылған. Ал оның ішінде жылдамдығы 480 мен 1220 шақырым/сағатпен қозғалатын капсулалар болады. Капсуланың ұзындығы шамамен 25-30 метр және қатынау аралығы 30 секунд.
Hyperloop жобасы жүзеге асатын болса, адам және жүк тасымалы саласында үлкен төңкеріс болмақ.
Атақты инженер, әрі кәсіпкер Элон Маск бүгінде баламасы жоқ көлікке айналуы мүмкін Hyperloop туралы өз идеясын жеткізгенде, идеяға күмәнмен қараған адамдар аз болмады: Калифорниядағы жер құны мен қысқа уақыт аралығында сағатына 700 миль жылдамдықпен қозғалудың адамға әсері секілді көптеген сұрақтар туындады. Осыған қарамастан жоба авторы мен оның командасы өз идеяларын жүзеге асыруға мейлінше күш салып келеді.
Алғашында утопия болып көрінген Hyperloop бүгінде шынайылылыққа бір қадам жасады, яғни жобаның тесттік нұсқасы жүзеге асуға жақын.
Осыған байланысты тағы бір орынды сұрақ туындайды – егер Hyperloop шынымен іске қосылса, оның әуе индустриясына әсері қандай болмақ? Өйткені өз идеясын ұсынған кезде Элон Маск Hyperloop көлігі Маглев пойызынан да, әуе ұшақтарынан да жылдам қатынас құралы болмақ.
Іс жүзінде Hyperloop-тың әуе лайнерларымен бәсекелесуі оның бағасы мен жол жүру уақытына байланысты. Өз кезегінде баға көлікке жұмсалатын энергияға байланысты. Hyperloop-тің тесттік нұсқасы сәтті орындалғанымен, Элон Маск пен оның идеяластары ойлаған нәтиженің бәріне қол жеткізілмеді.
Hyperloop-тің жұмыс істеуі үшін қанша энергия қажет екені әлі белгісіз, дегенмен бұл өте маңызды мәселе. Әзірге белгілі болғаны – Hyperloop құбырларының үстінде Күн энергиясын жинайтын панельдер орнатылады.
Дәурен Омаров