Елнұр Бейсенбаев: Үкіметтің жұмысы 10 балға татымады

6 Ақпан, 17:37 1273

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев кулуарда журналитстердің қойған сауалы барысында ескі Үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат ескі үкімет екі жыл бойы экономиканың дамуын 5 пайыздың көлемінде ұстағанын атап өтті.

Мемлекет басшысының былтырғы Жолдауында 7 жылда ішкі жалпы өнімді кемінде екі есеге көтеру қажеттігін айтып, нақты тапсырма берді. Оған жету үшін Үкімет ең кемінде 7-8 пайыз өсім көрсету керек. Қазір Үкімет бұл өсімді қамтамасыз ете алмай отыр. Бірінші мәселе осы өсімді күшейту керек. Екіншіден, соңғы уақытта Үкімет өзінің мәселесінің бәрінде Ұлттық Қордағы қаражатқа сүйеніп алған тұстарын көрдік. Үшіншіден, бізде мемлекеттік қарыз әлі де артып келе жатыр. Оны жабудың әлі де тетіктері жоқ. Төртіншіден, әлі күнге дейін салықтық түсімдер бізде 16 триллион, ал бюджеттің жалпы жұмсайтын қаражаты 24 триллионды құрайды. Яғни, бізде бюджет дефицитке жұмыс істеп отыр. Менің ойымша, осы экономикалық мәселелер Үкіметтің тарауына негіз болды, – деді депутат.

Мәжілісмен Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына үш негізгі мәселені қойғанын атап өтті.

Ең бірінші сыртқа шығарылған заңсыз, қолды болған активтердің бәрін қайтару. Екінші мемлекетте салықтық түсімдерді көбейту және ең негізгісі бюджетті үнемді әрі тиімді пайдалану. Қазіргі премьер-министрдің қаржы және жемқорлық саласындағы қызметі бюджетті толтыруға кәсіби біліктілігі жетеді деп ойлаймын. Үкіметтің кейбір жұмыстары олқы және 10 баллға татымайтын Үкімет болды, – деді Елнұр Бейсенбаев.

Бұған дейін, депутат Нартай Сәрсенғалиев Смайыловтың Үкіметіне батылдық жетпеген айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: