12 Қараша 2014, 14:29
Жолдаудағы ең негізгі дүние – бұл әрине Ұлттық қор қаражатының жұмсалуы. Менің ойымша, Ұлттық қордағы ақшаны жұмсау өте дұрыс шешім, себебі ол дәл осы дағдарыс жағдайына арналған. Қазір бүкіл әлем дағдарыс жағдайында және осы дағдарыс Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Шындап келгенде, бұл – дағдарыспен күрес емес, дағдарыстың алдын алу шарасы.
Менің көңілімнен шыққаны, Ұлттық қордан бөлінетін қаржының негізінен әлеуметтік мақсаттарға жұмсалуы: 200 мың жұмыс орнының ашылуы, тұрғын-үй, балабақша, жол салу және т.б.
Бастысы, сол бөлінген қаражаттың екінші деңгейлі банктер мен әкім-министрлер тарапынан талан-таражға түспесі болғаны.
Ағымдағы Жолдаудың басты ерекшелігі – бұл Елбасының «Нұр Отан» партиясына сыйлық жасады, себебі Жолдау – бұл партияның дайын сайлауалды бағдарламасы.