Елмен бірге: Түркияда болған жер сілкінісі — Махат Садық | #2 подкаст

8 Ақпан 2023, 21:33 3266

Кезекті подкастты «Үкімет сағаты» деп атауға болады деген жүргізуші өзекті мәселеге қатысты спикерлерден Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынғанын сұрады. Сондай-ақ Махат Садық «Туыстық пен жақындықтың, ағайындықтың қадір-қасиеті той-салтанатта емес, қиындықта көрінеді. Түркияда болған алапат жойқын жер сілкінісінен қазақ еліне де ауыр тиіп отыр. Әр адамның өмірге келгендегі парызы – қиындықты бірлесе жеңуге ұмтылу» деп атап өтті. 
Бауырлас халыққа ел басына күн туған сәтте жан-жақтан жәрдем көрсетіліп жатқаны белгілі. Сондай-ақ болған жайттан сабақ ала білу де маңызды. 

Сондай-ақ Түркияға жіберілген көмек - жай ғана көмек емес. Төтенше жағдайлар кезінде тәжірибе алмасу екендігіне назар аударылды.

Студияда тақырыпты кеңінен тарқатқан маман жер қандай жағдайда сілкінетінін ғылыми тұрғыда жіліктеп берді. Төтенше жағдайда апат аймағынан күн-түн демей жедел ақпарат таратқан ақпарат құралдары мен журналистердің де еңбегі бағалау мен үлгі алуға лайық әрекет екені айтылды. 

Төтенше жағдай кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау қажеттілігін үйрету де әңгімеге арқау болды.

Тұщымды сұхбат пен салмақты ойды подкасттан толығырақ тыңдай аласыздар.

Жобаның жүргізушісі журналист – Махат Садық.

Подкасттың қонақтары: тележүргізуші - Армангуль Тоқтамұрат, география ғылымдарының кандидаты, жер сілкінісін зерттеп жүрген ғалымдардың бірі - Сейфолла Смайлов.

Makhat Sadyk
Бөлісу: