«Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында өткен «Таза Қазақстан – таза Астана» байқауының жеңімпаздары анықталды. «El.kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Ажар Лаубаева «Астана Тазалық» компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, байқаудың мақсаты – «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және кәдеге жарату, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу, «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық бағдарламасы шеңберінде «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту болды.
Байқауға 60-тан астам журналист пен блогер қатысып, 100-ден астам материал келіп түсті. «Астана Тазалық» ұйымы бірінші рет өткізіп отырған байқау үшін бұл өте жақсы көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында түрлі материал жарияланды. Бұл – үлкен шара. Біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Замир Сагинов.
Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді: «Үздік телевизиялық материал», «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым», «Баспа басылымындағы үздік мақала», «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».
«Үздік телевизиялық материал» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Томирис Біләл, «24KZ» телеарнасы;
2 орын – Карима Садуақас, «QAZAQSTAN» телеарнасы;
3 орын – Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;
3 орын – Дильназ Ерланова, «Астана» телеарнасы.
«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Тимур Асылханов, блогер;
2 орын – Назым Бөлесова, Baq.kz;
3 орын – Данияр Сейсенбаев, блогер;
3 орын – Аршат Оразов, блогер;
Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
«Баспа басылымындағы үздік мақала» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газеті;
2 орын – Кәмила Дүйсенова, «Айқын» газеті;
3 орын – Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;
3 орын – Бақытбек Қадыр, «Егемен Қазақстан» газеті;
Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
«Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Мақпал Орынбекқызы, Baq.kz сайты;
2 орын – Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz сайты;
3 орын – Ләззат Салимова, Nur.kz сайты;
Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, бірнеше БАҚ өкілі «Астана Тазалық» компаниясының арнайы сыйлығымен марапатталды:
Мөлдір Молдағали, «24KZ» телеарнасы;
Ажар Лаубаева, «El.kz» сайты;
Қалмахан Құрманғали, «Turaninform.kz»;
Мария Конюхова, «Elordainfo.kz» сайты;
Даля Насипова, «Алматы» телеарнасы;
Екатерина Тыщенко, «Вечерняя Астана» газеті;
Оксана Даирова, «Комсомольская правда» газеті;
Лаура Түсіпбекова, «Казахстанская правда» газеті.
БАҚ өкілдері «Таза Қазақстан» экоакциясының Астанада жүзеге асырылуын материалдарында жан-жақты насихаттаған.
Айта кетейік, байқауға қатысу үшін биыл 7 қазан мен 10 желтоқсан аралығында шыққан мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі материалдар қабылданды.
Биыл сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында елорда тұрғындары жалпықалалық сенбіліктерге қатысты. Олардың әрқайсысы бекітілген аумақты қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жасыл желектер отырғызды. Мұндағы мақсат – көпшілік арасында тазалық мәдениетін дәріптеу.