"El.kz" порталына – 10 жыл

1 Қараша 2022, 09:30 2562

Портал 2012 жылы 1 қарашада құрылған

2022 жылдың мамыр айында El.kz порталы жаңалықтар сайты форматына көшті. Енді сайт Қазақстан мен әлемдегі оқиғаларды тәулік бойы жариялайтын толыққанды ақпараттық ресурс ретінде жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда портал тұрақты түрде Республиканың алғашқы 30 жаңалықтар сайтының тізіміне кіреді. Бізді күн сайын Қазақстан мен ТМД елдерінен 50 мыңға жуық оқырман қарайды. Жоғары нәтижеге қол жеткізудің бірден бір себебі - сайттың жаңалықтарды үш тілде жариялауы: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Бұл El.kz сайтының еліміздегі басқа жаңалықтар порталдарынан ерекшелігін көрсетеді.

El.kz — бұл тек жаңалықтар мен мақалалар ғана емес, сонымен қатар бейне жобалар, олардың ішінде портреттік және аналитикалық сұхбаттар, подкасттар, шолулар, әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер бар. Портал конвергентті журналистикаға ерекше назар аударады, материал тек мәтін түрінде ғана емес, сонымен қатар фотосуреттер, бейнелер, инфографика және анимация түрінде салынады.

Ақпараттық форматқа ауысқаннан кейін сайт өз аудиториясын жоғалтпай, керісінше дәстүрлі жаңалықтарды саясат пен әлеуметтанудан бастап, мәдениет пен ұлтаралық бірлікке дейінгі әртүрлі тақырыптардағы көлемді авторлық материалдармен үйлестіре отырып, кеңейткенін атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда сайттың барлық әлеуметтік желідегі оқырмандары өте белсенді. Жақында порталдың TikTok-та ресми парақшасы ашылды, жас аудиториясының өскендігі байқалады.

Портал YouTube-тегі арнасына да көп көңіл бөледі. Оның ресми арнасында 60 мыңнан астам жазылушы бар. Айта кететін жайт, El.kz Youtube-те 6 миллионнан астам қаралым мен 130 мыңнан астам лайк жинаған қоғамдағы жалғыз сайт. Әзірге бұл рекордты бірде-бір портал озған жоқ.  Сайттың тағы бір бағыты - заманауи аудиторияға ыңғайлы қысқа кэшн-бейнелер жасау.

Порталдың мақсаты - жақын арада еліміздегі 10 үздік жаңалықтар сайтының қатарына кіру.

 

EL.KZ
Бөлісу: