Елімізге Үндістан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері келді

Кеше, 22:26 147

Үндістан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Әскери колледжі жоғары командалық курсының делегациясы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің мекемелеріне және Астананың қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесу өтті. Шетелдік қонақтар үшін жоғары оқу орнының қызметі және ҚР Қарулы күштерінің дамуы жайлы брифинг ұйымдастырылды. 

Экскурсия барысында әскери қызметшілер білім ордасының оқу-материалдық базасымен танысып, Үндістанның әскери өнер аудиториясына барды.

Астанада үнділік әріптестер Kazakhstan Aselsan Engineering және Kazakhstan Paramount Engineering қорғаныс-өнеркәсіп кешендерінің кәсіпорындарында болды.

Сонымен қатар сапар бағдарламасында  Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына және Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына бару да қарастырылған.

Перизат Саденова
Бөлісу: