ҰҚК темекі бұйымдарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметінше, биылғы 5 ақпанда Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті.
Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарынсыз жеткізіліп тұрған. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады, - делінген мәліметте.
Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.