Қазақстанға ресми сапармен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әуежайында оны ҚР премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.
Қазақстан басшылығымен келіссөз барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады.