Еліміздің үш кәсіпорнында ауқымды апатқа байланысты электр энергиясы шектелді

13 Ақпан 2023, 14:35 864

13 ақпанда сағат 12.00 - дегі жағдай бойынша үш өнеркәсіптік кәсіпорында электр беру желісіндегі үлкен апаттан кейін энергиямен жабдықтауға шектеулер сақталуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сағат 12.00-дегі жағдайы бойынша жалпы қуаттылығы 170 МВт болатын энергиямен жабдықтауды шектеуде тек өнеркәсіптік кәсіпорындар ғана қалады. Оның ішінде: 100 МВт – "Қазфосфат" ЖШС, 70 МВт – "Арселормиттал" АҚ, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС", – делінген хабарламада.

"KEGOC" АҚ ақпараты бойынша, 13 ақпанда сағат 09.23-те Екібастұз – Ағадыр 500 кВ Л-5170 электр беру желісі апатты жағдайда ажыратылды. Осыған байланысты Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында жалпы қуаттылығы шамамен 600 МВт энергиямен жабдықтауда шектеулер туындады.

Қазір кәсіпорындарда электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін оңтүстік өңірдегі электр станцияларын толық жүктеу жұмыстары жүргізілуде.

Бибигуль Куламан
Бөлісу: