Еліміздің ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда

12 Ақпан 2023, 13:20 887

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қатысып жатқан қазақстандық құтқарушылардың үлкен командасының құрамындағы ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұловтың бүгін Алматыда қызы дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қызға әдемі Ясмина деген есім берді!

«Біз ержүрек құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз және оған зор денсаулық, ал Біржанның өзіне Отанына тезірек аман-есен оралуын тілейміз!», - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 39  адамның, оның ішінде 2 баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамдарға тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетуде. Күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді. Олардың ішінде стресстің жедел реакциясымен, тыныс алу жолдарының ауруларымен, сондай-ақ әртүрлі жарақаттармен байланысты аурулар басым. Күн сайын жеке құрамның жылыту пунктіне зардап шеккендердің туыстары мен жақындары, орта есеппен 40-50 адам кіріп жылынады. Апаттар медицинасы орталығының медициналық пункті мен медициналық қызметі барлық қажетті медициналық жабдықтармен, дәрілік заттармен қамтамасыз етілген.

EL.KZ
Бөлісу: