Еліміздің тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту мәселесі қаралды

20 Қазан 2023, 19:31 674

Жұма, 20 қазанда, премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жиынға қатысушылар Шымкент және Алматы қалаларында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, IT-саласы мен ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарға салық салу мәселелерін, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар еліміздің тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамыту шаралары қаралды.

Берік Арманов
Бөлісу: