Еліміздің сыртқы сауда тауар айналымы 79,5 млрд долларды құрады

13 Қыркүйек 2023, 09:34 2670

Биыл еліміздің сыртқы сауда тауар айналымы айналымы 5,7%-ке өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл еліміздің сыртқы сауда тауар айналымы 79,5 млрд долларды құраған.

Экспорт 44,8 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,1%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,1%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 42,2%-ке және электр жабдықтарын жасаудың 34,3%-ке өсуі қамтамасыз етілді, - деді вице-министр.

Өңдеу өнеркәсібі еліміздің 15 өңірінде өскенін, соның ішінде ең жоғарғы өсуді Алматы қаласы және Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары көрсеткенін атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: