Еліміздің сот жүйесін қандай жаңашылдықтар күтіп тұр

13 Желтоқсан 2023, 09:00 862

Премьер-министр Әлихан Смайылов Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировпен кездесу өткізді, оның барысында сот жүйесін реформалау жөніндегі заңнамалық түзетулердің екінші блогы талқыланды.

Бұған дейін Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысына ұсынылып отырған жаңашылдықтар туралы хабардар еткен болатын.

Түзетулерді Сенат алаңында арнайы құрылған жұмыс тобы әзірледі. Өзгерістер «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, процестік кодекстерге, сондай-ақ бірқатар арнайы заңдарға енгізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот актісінде көрсетілген өрескел бұзушылықтардың барлық фактісі автоматты түрде Сот алқасына берілетін жаңа механизм енгізілуде.

Сондай-ақ бағалау көрсеткіштерінің саны оңтайланады, отставкадағы судьялар үшін әлеуметтік пакет жақсарады, мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын заңгерлер үшін Сот төрелігі академиясында оқу қолжетімді болмақ.

Н. Ахметзакиров заң жобаларын іске асыру бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейтінін атап өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: