Еліміздің сегіз облысында жолдар жабылды

9 Ақпан, 19:23 670

9 ақпан сағат 18.00-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында – 3 учаске

Ақмола облысында – 1 учаске

Ақтөбе облысында – 4 учаске

Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске

Қарағанды облысында – 1 учаске

Қостанай облысында – 3 учаске

Қызылорда облысында – 1 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске

Ұлытау облысында  – 1 учаске.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 816 бірлік техника  және 1605жолшы жұмылдырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: