Еліміздің қай өңірінде қылмыс көп жасалған

Бүгiн, 12:46 140

Прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қылмыс ең көп тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыс 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеген.

Дегенмен қылмыс деңгейі өскен өңірлер де бар: бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2%-ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.

Ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% - ұрлық (30 593), 6,3% - есірткі қылмысы (8 363), 1,2% - тонау (1 551), 1,2% - бұзақылық (1 615), 0,8 % - мал ұрлығы (1 051), 0,4 % - адам өлтіру (566), 0,3% - зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462), - делінген мәліметте.

Онша ауыр емес қылмыстар - 7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар - 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр қылмыс 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар ұрлық - 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы - 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы - 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы - 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді. Сондай-ақ мал ұрлығы да 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды, - деп қосты прокуратура.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: