Еліміздің оңтүстігінде күн суытады

14 Қазан, 16:40 482

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің хабарлауынша, суық антициклонның еліміздің солтүстік аймақтарына әсер ету жалғасады. Жауын-шашын тоқтағанына қарамастан, термометр бағандары алдағы түндері минусты көрсетеді. Күндізгі уақытта күн 7-10 градус аралығында жылы болады.

Антициклон шығысқа қарай жылжып, күндізгі және түнгі уақыттары ауа температурасы төмендеп, жаңбыр қарға ұласады.

Елдің оңтүстік-шығыс аймағында да күн суытады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: