"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді-қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар күтіледі.
23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.