Еліміздің кей аймақтарында күн суытады

15 Наурыз 2023, 12:22 725

Синоптиктер 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталықта, республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, негізінен қар күтіледі.

16 наурызда күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында, 17-18 наурызда күндіз республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ көктайғақ, қар жауып, жел күшейеді. Онымен қоса тұман түседі.

Температуралық фонға келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа температурасының түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, – делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: