Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

7 Наурыз, 20:33 853

«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты мына республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:

Абай облысы:

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768-шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қ.);

«Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75-шақырым аралығы (Таскескен а. – Үржар а.).

Жетісу облысы:

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-768-шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: